Домой Жаңалықтар Мәдениет «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталды

«Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталды

«Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталды

«Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталдыXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі кеше Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында гала концертпен қорытындыланды. Конгресс-холлдағы салтанатты кеште фестиваль қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік өнерпаздар марапатталды. 

Қазылар алқасы 388 қатысушы таласқан фестивальдің басты сыйлығы — ел Президентінің Кубогы мен 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа бір ауыздан «Классикалық музыка. Скрипка» номинациясының бас жүлде иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Мақсат Жүсіповты лайық деп тапты. Жеңімпазды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттады.

«Шабыт» — нағыз өнер додасы. Фестиваль сахнасында тек Қазақстанның ғана емес, шетелдің үздік өнерпаздары да өнер көрсетіп келеді. Мақсат бүгін айтарлықтай жеңіске жетті, бұдан былай да осындай жетістіктері көп болсын», — деді Ермек Аманшаев.
Биылғы фестивальде алғаш рет өткізіліп отырған спорттық бал биі сайысында Красноярлық (Ресей) жұп Роман Зотодов пен Анна Позднякова жеңімпаз атанды.

«Халықтық музыка» номинациясының домбырамен ән айту категориясында бас жүлдеге Жақсыгелді Маясаров ие болды. Үздік домбырашы атағы мен медальді Астаналық Бегджанов Сәкен иеленді.
«Бейнелеу өнері» номинациясында қазылар алқасының назарына ұсынылған 150 жұмыстың ішінен мүсін категориясында павлодарлық Данияр Сарбасовтың туындысы, сәндік-қолданбалы өнерде атыраулық Есенғазиев Алтынбектің жұмысы үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды.

Академиялық ән айту категориясында астаналық Шахризада Тыныштық бас жүлдені иеленді. «Фортепиано» бойынша бас жүлдені алматылық Рабиға Дюсембаева алса, «альт, виолончель, контрабас» категориясында Павел Романенко бас жүлдеге лайық деп танылды. Цирк өнері номинациясында Алматыдан келген Қазақ мемлекеттік циркі командасы үздік атанды.

Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларын елорданың мәдени өмірінде айрықша орын алатын шараның аяқталуымен құттықтау үшін әлемдік өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы мен ұстаздар, қалалық әкімдік өкілдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары жиналды.

Гала концертте «Шабыт» фестивалінің бас жүлде иегерлері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here