Домой Жаңалықтар Әлем Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті

Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті

Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті
Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті
Куала-Лумпурде

Куала-Лумпурде білім алып жатқан көркіне ақылы сай қазақ қыздары «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауына қатысты.

Бұл шараны Малайзиядағы Қазақстан студенттері қауымдастығы ұйымдастырыпты. Байқауда бас жүлдеден бөлек бақ сынап, өнер көрсеткендерге әртүрлі аталым бойынша кәдесыйлар да тарту етілді.

Подиумда қыздармен бірге жүріп,сұлулар арасынан суырылып алға шығу үшін аруларға ең бірінші шыдам керек. Бұрымды қыздар 10 см биік өкшемен бірнеше сағат сахнада өнер көрсетеді. Олар қатал қазыларды тән сұлулығымен ғана емес, жан сұлулығымен әрі білімімен тәнті етуге тырысып бақпақ.

Бұл байқауға дайындығын бір ай бұрын бастаған Бекзада қобалжып тұр. Бірақ бойындағы өнері мен білімін ұштастыра білетін ару өз күшіне сенеді. Ол сайыста әуезді әнмен әндетіп көпшілік қауымның ықыласына бөленуді көздейді. Керек десеңіз, қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын ғана емес, әлемдік классиктердің туындыларынан үзінді оқып беруге де әзір.

Бірнеше сағатқа созылған байқауда қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Малайзиядағы «Лимкоквинг» университетінің студенті Эльмира Битуреева жеңіп алды. Ол өзінің рухани жан дүниесінің сұлулығын да көрсете білді. Кейінгі орындарды місе тұтқандарға арнайы сыйлықтар сыйланса, қалған аруларымыз ең әдемі киім үлгісі, көрермен көзайымы, дарынды сайыскер секілді бірқатар аталымға ие болды.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here