Домой Жаңалықтар Мәдениет Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде

Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде

Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде
Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде
тарихи эпопея

Жамбыл облысында «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсіріліп жатыр.

Жаңа жоба 12 бөлімнен тұрады. Туындыда ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың орта тұсына дейінгі кезеңдер көрініс табады. Мұнда бір отбасында өткен жағдай арқылы қазақ халқының нәубет жылдардағы тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Сонымен қатар көп бөлімді фильм Абайдың қара сөздерімен байланыстырыла отырып түсірілуімен ерекшеленеді.

Авторлар бұл туындыда «Адам өзгере ме? Заман өзгере ме?» деген сұраққа жауап іздейді. Оқиға желісін Сержан Закірұлы мен Арман Ысқапұлы жазған. Мұнда ХІХ-ХХ ғасырлардағы шолақ белсенділердің әрекеті, тектілік пен сатқындық, тіпті махаббат сияқты сезімдер де көрініс табады. Ал басты рөлдердің бірін белгілі актер Дулыға Ақмолда сомдайды.

Эпопеяда екі кезең салыстырмалы түрде қатар жүреді. Әр бөлім басында Абайдың қара сөздері оқылып, көпшілікке терең ой тастайды. 12 бөлімнің әрқайсысы 40 минут жалғасады. Жаңа жоба желтоқсан айында көрермендер назарына ұсынылмақ.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here