Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстазы, ақын, публицист, ғалым Оңайгүл Тұржан әлемнің 28 елінен 800 ақын-жазушы, суретші, киногерлер сайысқа түсіп жатқан «IV Open Eurasia and Central Asia» халықаралық байқауында әдебиет категориясы бойынша жартылай финалға жеткен 30 үміткердің қатарына кірді.
Айта кетейік, «IV Open Eurasia and Central Asia» конкурсы мемлекеттер арасында әдеби байланыстарды кеңейтіп, авторлар, оқырмандар, суретшілер мен режиссерлер, өз мемлекеті мен шет елдерде әдебиет пен мәдениетті дамытуға қызығушылық танытқан мамандардың жаңа мүмкіндігін ашып, әлемге жаңа есімдерді паш етуде қатысушылардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына әрі мәдениет пен ұлт бірлігін сақтауға зор мүмкіндік бермек. Конкурс «Әдеби туынды», «Көркем аударма», «Суреттеме (иллюстрация)» және «Бейнефильм» сияқты төрт санат бойынша өтті.