Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Конгресс-Холда «Астана аруы» байқауы өтедi. Бұл туралы бүгін «Астана аруы – 2015» байқауына арналған баспасөз мәслихатында белгiлi болды.
«Бүгiнгi байқауға қатысқалы отырған қыздардың барлығы сұлу, барлығы да жеңiске лайық. Бiрақ, байқауда жеңiмпаз біреу ғана болуы тиiс. Бiз жеңiмпазды таңдау кезiнде сырт келбетке емес, оның iшкi сұлулығына, өзiн-өзi ұстауына да көңiл бөлген болатынбыз. Байқау кастингiне 200-ге жуық адам қатысты, олардан іріктеліп алынған 20 ару бақ сынайды. Байқауға қатысушылардың ең кiшiсi 16 жаста, ал үлкені 23 жаста. Олардың барлығы бiр алыптан шыққандай. Бой ұзындықтары, дене пiшiндерi ұқсас. Биылғы байқау алдыңғы байқаулардан өзгешелігімен таң қалдырмақ. Конкурс 4 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм – таныстыру, ол Голливуд стилiнде өтпек, екiншi бөлiм этникалық стиль бөлiмi, бұл бөлімде арулар ұлттық нақыштағы сән бұйымдарымен шығатын болады. Үшiншi бөлiм кешкi көйлекпен шығу болса, тағы бiр бөлiм көрермендер үшiн құпия болып қалсын», деді байқаудың бас директоры Ольга Радеш.
Айта кетейік, «Астана аруы – 2015» байқауы ағымдағы жылдың 12 қарашада Конгресс-Холл сарайында өтпек. Байқауда жеңімпаз болған ару Астанада 10 желтоқсанда өтетін «Қазақстан аруы-2015» байқауына қатысуға жолдама алады.