Жетісулық жас футболшылар жеңімпаздарын анықтады.
Талдықорғанда футболдан жасөспірімдер арасында облыстық жарыс аяқталды. Оған 8 команда қатысқан еді.
Оқушылардың күзгі демалыс күні өткен жарыс спорт саласында көп жылдар бойы еңбек еткен білікті маман Николай Мамоновты еске алуға арналды. Ол, бірқатар спорт ұжымдарын басқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен таныла білген.
Футболшылардың жасына қарай ойын фарматында да өзгеріс бар. Мәселен, әр кездесудің уақыты мен спорт алаңы стандарттағыдан әлде қайда аз әрі кіші. Бұл балғын футболшылардың барлық мүмкіндігін көрсетіп, тартысты ойын өткізуіне қолайлы.
Бұл сайыста Алматы облыстық футболдан мамандандырылған спорт мектебінің ұжымы чемпион атанды. Олар финалда Жетісу футбол орталағының командасын 3те 2 есебімен ұтты. Үшінші орынды осы орталықтың екінші ұжымы иеленді.
Жеңімпаздармен жүлдегерлер мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.