Лондонда «Роналду» атты деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.
Әлемдегі ойыны өрнекті футболшы туралы лента Испанияда прокатқа шықты.
Фильмді көру үшін халық кинотеатрға көп жиналуы мүмкін. Себебі оны Джеймс Гей-Рис (James Gay-Rees) түсірген екен. Бұл режиссер кезінде Формула 1 жарысындағы атақты шабандоз Айртон Сенна (Ayrton Senna) мен жұлдыздай жарқ етіп, сөнген британиялық әнші Эми Уайнхаус (Amy Winehouse) туралы өмірбаян-фильмдерді жұрт назарына ұсынып, көрермен қошеметіне бөленді.
«Роналду» фильмі түсіріліміне Криштианудың анасы Долорес пен оның ұлы кіші Криштиану, агент Хорхе Мендес пен Лионель Месси қатысқан. Фильмнің түсірілім тобы жұлдыздың барлық сапарларына бірге шығып, оның күнделікті өмірін бақылаған.
Осы ретте лента режиссері атақты спортшыға қатысты мынадай ойымен бөлісті: «Біз оны ақшаға белшеден батып, қоғамдағы дәрежесін пайдаланып, рахат тірлік кешіп жүр деп ойлаймыз. Бірақ ол осы жолда біраз нәрсені құрбан еткен. Әлемдік деңгейде танымал болудың оңай нәрсе емес екендігіне көзім жетті».