Домой Жаңалықтар Мәдениет 25 жыл бірге болған «Нұр-Мұқасан» тобы тарайтын болғаны ма?

25 жыл бірге болған «Нұр-Мұқасан» тобы тарайтын болғаны ма?

25 жыл бірге болған «Нұр-Мұқасан» тобы тарайтын болғаны ма?
25 жыл бірге болған "Нұр-Мұқасан" тобы тарайтын болғаны ма?
«Нұр-Мұқасан» тобы

Қазақ сахнасында ұзақ жылдар бойы әуезді әндерімен, әрі тұрақтылығымен көзге түсіп жүрген «Нұр-Мұқасан» тобы тарап жатыр деген өсек ел арасына тарап кетті.

«Бір жағынан халыққа тосын сый жасаймын деп, бір жағынан өзім де қазір жеке «сольный» альбом жазып жатқаным құпия емес, әрине. Соның бастауы деп білуге болады»,- деді Мұқасан Шахзадаев «Гакку» телеарнасына.

25 жыл тарихы бар топта өнер көрсеткен қос өнерпаз жеке ешқашан ән айтпаған. Керек десеңіз, Нұрлан тек екінші дауыста ән шырқап келді. Алдағы уақытта, ол да жеке әнші ретінде өзін таныстырады деседі.

Мұқасан Шахзадаев, әнші: «Кейде той-домалаққа барасың, достарыңмен бірге болған кезде Нұрлан болмай қалады немесе мен болмай қаламын. Сол кезде «Мұқаш, Нұрлан бір өлең айтып жіберші»,- десе, «Нұрлан жоқ қой, Мұқасан жоқ қой»,- деп, отырып қалатын кездер де бар. Сондықтан жеке-жеке ән жазып қоюды шештік».

Алыпқашпа сөздің неден шыққаны енді түсінікті болды. Ең бастысы — топ тарамайды. Айтпақшы, қазіргі таңда Мұқасанның қоржынында үш ән бар. Соның бірін Ринат Гайсин жазған. Ол ән «Бақыт» деп аталады.

Топ мүшесі Нұрлан Қонысбаев Алматы облысы, Балқаш ауданынының тумасы. Ал Мұқасан Шахзадаев Тараз өңірінен. Мұқасанның есімі әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының құрметіне қойылған екен.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here