Домой Жаңалықтар Қоғам «Бизнес – өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі ретінде» атты семинар-тренинг өтті

«Бизнес – өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі ретінде» атты семинар-тренинг өтті

«Бизнес – өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі ретінде» атты семинар-тренинг өтті
«Бизнес – өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі ретінде» атты семинар-тренинг өтті
семинар-тренинг

Астана қаласында «Бизнес – өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі ретінде» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырды.

Семинар жұмысына жас кәсіпкерлер өкілдерінен, «Болашақ» бағдарламасының түлектерінен және басқа да түрлі салаларда қызмет атқарып жүрген жастардан құралған 60-тан аса адам қатысты.

Аталған іс-шара барысында семинардың тренері ретінде «Директорлар институты» компаниясының директоры, Institut Europeen De Management International (Paris) іскерлік әкімшілендіру докторы, Ресей Үкіметі жанындағы халық шаруашылығының академиясы, Бизнес халықаралық академиясы (Алматы), Амстердамдық стандартқа сәйкес басқару жөніндегі сертификатталған кеңесші Сергей Филин сөз алды.

Семинарға қатысушылар алға қойған мақсаттарға жету бағыттарында ішкі уәжді реттеу дағдыларын, ойға алған істердің нәтижесіне қол жеткізу үшін өзінің мақсаттарын қалай дұрыс қою қажетіліктерін, сондай-ақ жақын болашақтағы өзінің жеке миссиясын анықтау мүмкіндіктерін үйренді.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here