Домой Жаңалықтар Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы басталды

Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы басталды

Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы басталды
Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы басталды
Дәрі-дәрмекті

Дәрімен емдеу саласындағы көптеген жаңалықтар өткен ғасырдың еншісінде қалғандықтан, бүгінгі таңда кейбір дәрілердің өзектілігі жоғалуы мүмкін. Нәтижесінде бұрында емделетін жұқпалы аурулардың қатары емдеуге келмейтін болып қалуы да ықтимал. Осы мәселеге орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 16 қараша күні «Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдалану апталығын» бастады, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.

ДДСҰ Бас директоры Маргарет Чаньнің айтуынша, дәрі-дәрмек тұрақтылығының мәселесі жаһандық деңгейдегі өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Дүниежүзілік дәрі-дәрмекті дұрыс пайдалану апталығы «Антибиотиктер: абайлап қолдаңыңыз!» атты ұранмен өтіп жатыр. Әлемнің 12 түрлі мемлекетінен 10 000 адам арасында сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы жарияланып үлгерді. Сауалнама нәтижесінде адамдардың санасында дәрі-дәрмек қауіпі жайында біркелкі ой қалыптаспағаны анықталды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here