Домой Жаңалықтар Мәдениет «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтеді

«Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтеді

«Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтеді
«Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтеді
дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі айтыс өнерінің шебері, ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел және көрме өткізеді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Аңсар Мұсаханов және Ақан Бижанов, Серік Үмбетов, Шорахмет Мырзахметов, Сейіт Қасқабасов, Серік Негимов, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтов, Құныпия Алпысбай, Рахымжан Тұрысбек, Тұрсын Жұртбай, Ералы Тоғжанов сынды тұлғалар қатысады. Сонымен қатар, шараға Қырғыз орталығының өкілдері, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушылары, айтыс ақындары, Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалдық музейі қызметкерлері және студенттер шақырылып отыр.

Шараның мақсаты Жетісу жерінде дүниеге келген айтыскер-ақын Сүйінбай Аронұлының өмір жолы мен шығармашылығы және ақындық өнерінің жан-жақты қырларын ашу. Жалғасын тауып келе жатқан ақындық дәстүрдің қазіргі айтыстағы өзгешеліктері мен айырмашылықтарының жігін ажырату.

Ұйымдастырылатын жылжымалы көрмені Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалдық музейі және Ұлттық музей бірігіп экспозициялайды. Көрмеде ХІХ ғасырдағы ақындардың тұтынған заттары негізінде алынған жәдігерлер мен ХХ ғ. жазушылар мен ғалымдар және ақындардың айтыс ақындары туралы еңбектері мен зерттеулері, арнау жырлары жинақталып ұсынылады.

Айтыскер ақындар Сырым Әуезхан мен Таңжарық Ержан қазіргі кезеңдегі айтыс өнері мен Сүйінбай Аронұлының ақындық шеберлігінің үлгісін көрсетеді.

Аталған шара 2015 жылғы 18 қарашада сағат 11.00-де басталады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here