Ресейдің танымал әншісі Сати Казанова өзінің биылғы жылы хит болған көпшілікке танымал әні «До Рассветаны» қазақша айтты.
Өткен демалыста «Comedy Club» бағдарламасының шоумендері танымал өнер жұлдыздарынан қазақша ән шырқауды сұрайды.
Бірінші кезекте сол жерде отырған жалғыз қазақ азаматы «МузТВ» арнасының бас директоры Арман Дәулетияровтен өтінеді. Алайда Дәулетияров мырза өзінің ана тілінде ән айта алмайтынын айтады. Сол кезде Сати Казанова «До Рассвета» әнінің қазақша нұсқасын шырқай жөнеледі.