Қазақстан НАТО ұйымдастырған 47-ші қайырымдылық базарына қатысты.
Осы арқылы еліміз Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттауға тағы бір мүмкіндік алды. Биыл оған 42 мемлекет қатысып отыр. Олардың қатарында Солтүстік Атлант Альянсі мен «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының мүшелері бар.
Көрмеден жиналған қаржының бір бөлігі Париждегі лаңкестіктен зардап шеккендерге беріледі.
НАТО ұйымдастырған халықаралық көрмеге әлемнің 40-тан астам елі өз өнімдерін сатуға шығармақ. Дені – қолдан жасалған кәдесыйлар мен дәмді тағамдар. Мәселен, грузин шарабы мен голланд ірімшігін де көрме сөресінен көруге болады. Италиядан әкелінген зәйтүн майы мен Түркияның тәттілері де қолдан-қолға тимей сатылып жатыр. Өтімді тауарлар қатарында біздің ел мақтан тұтатын қазақстандық шоколад та бар.
Біздің ел үш сала бойынша тіркелген. Мәдени бағдаралама ұсынып, 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» көремесінің жай-жапсарымен таныстырады. Көпшілік назар аударған шараның бірі де біздің жерлестеріміз үлесінде. Ұлттық нақышта киінген қыздарымыз мерекенің ажарын аша түскендей.