Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы мектепке қосымша 300 орындық қосалқы ғимарат салынды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметі.
Ғимарат құрылысына бюджеттен 700 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың шілде айында бастаған «DANIYA Construction» ЖШС қазір оны толығымен аяқтады.
Үш қабатты ғимаратта балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда мультимедиялық кабинет, үлкен спорт залы мен 100 орындық мәжіліс залы бар. Мектепте Еңбекші ауылынан және жақын маңдағы елді мекемдерден жалпы саны 600-ге жуық оқушы білім алады.
Мектеп директоры Меруерт Далабаеваның айтуынша, мектеп оқу процестерін жетілдіруге арналған барлық қажеттіліктермен толық жабдықталған.