Елордада байрақты бәсекелердің үздіктерін анықтап, жылдың қорытындысын шығару мақсатында «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараны «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырды.
Алғаш боп сөз алған ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті Президенті Қ.Сатыбалдыұлы жеңімпаздарды құттықтап, биылғы жыл ұлттық спортымыз үшін табысты болғанын атап өтті.
Биыл бас партияның тікелей қолдауымен ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана қаласында Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионаты және Асау үйретуден республикалық турнирі, сонымен бірге, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Аламан бәйге «Алтын тұлпар» ІІ республикалық турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылған еді. Аталған сайыстарда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар марапатталды.
«Алтын тұғыр» игерлері :
1.Көкпар спорт түрі бойынша: «Жыл үздігі» «Әулие ата» командасы
2.Теңге ілу спорт түрі бойынша: «Үздік теңге ілуші» — Ғалымжан Ізжанов.
3.Жамбы ату спорт түрі бойынша «Үздік жамбы атушы» — Айкөз Ералхан.
4.Құсбегілік спорт түрі бойынша «Үздік бүркітші» — Жалғас Әкімбеков
5.«Алтын тұлпар» жеңімпазы «Самалдың» иесі — Есбол Жаппасов
6. «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойына арналған ат бәйгесінің жеңімпазы «Тасқын»тұлпарының иесі — Болат Әбішұлы.
6. Қазақ күресінен «Үздік палуан» — Бейбіт Ыстыбаев.
7. «Үздік жыл ұйымдастырушысы» — Ром Әуезхан.
8. Ұлттық спортқа еңбек сіңірген ардагер — Әмірғалиев Орынтай.
9. Аударыспақтан «Үздік аударыспақшы» — Ерназар Жапарұлы.
10. Ұлттық спортты үздік насихаттаушы ұжым — «Астана» телеарнасы.
11. Ұлттық спортты тұрақты насихаттаушы — «Kazsport» телеарнасы атанды.