Домой Жаңалықтар Технология Желтоқсан айында Астанада интернет форумы өтеді

Желтоқсан айында Астанада интернет форумы өтеді

Желтоқсан айында Астанада интернет форумы өтеді

Internet-Marketing-Forum-Астанада 4 желтоқсан күні ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы баспасөз орталығында өткен брифингте форумның үйлестірушісі Данияр Алан мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

«Биылғы жылдың 4 желтоқсанында Елордамызда ІІІ Астана Интернет форумын өткіземіз. Форумның өтуіне «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар шараға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры да ресми қолдауын білдірді», — деді Д. Алан.

Спикер өз сөзінде интернет форум кезінде қазақ тілді сайттардың түрлі номинациялар бойынша марапатталатынын да атап өтті.

«Биылғы форум тақырыбы – ақпараттық кеңістіктігіміздің қауіпсіздік мәселелеріне арналады. Сонымен қатар, журналистика мәселелерін зерттеу институтының құрған Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы қазақтілді сайттардың рейтингі нәтижесі келесідей номинациялар бойынша үздік сайттар анықталып, марапатталады. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы, форум аясында Петропавл қаласынан келетін «Arta Robotics» тобы ұсынатын роботтар көрмесі өтеді», — деді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here