Дат ғалымдары тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың денсаулығы жақсы болып, ұзақ ғұмыр сүреді деген тұжырымға келді, деп жазады planet-today.ru.
Олар қанды тұрақты түрде тапсырып тұратын және ондай әдеті жоқ еріктілердің арасында үлкен тәжірибе өткізді. Бұл тәжірибеге бірнеше миллион донор қатысқан. Сынақ барысында екі түрлі еріктілердің денсаулығы салыстырылды. Нәтижесінде үнемі қан тапсыратындардың соңғыларға қарағанда, ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Дей тұра бұл факторге не себеп екендігін ғалымдар әзірге анцықтай алмай отыр.
Оған қоса, донорлыққа қанында темірі көп адамдардың денсаулығы үшін өте пайдалы екендігі белгілі болды. Ал жалпы қанды тұрақты тапсырып дағдыланған адам кенеттен қан жоғалтқан жағдайда, оның тірі қалу ықтималдығы жоғары болады екен.