Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды

Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды

Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды

ccae3b35d22639e39f576012106e044fБүгін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Қоныс иелеріне құттықтаған өңір басшысы, өз сөзінде:
— Бүгін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерді берудеміз. Мұны қоныс иелерінің көбісі үшін шынымен де асыл армандарының орындалғаны деп түсінуге болатын шығар. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
07b81da5fa064727fbc663eb83e0e1e1Біз бүгін адам көңілін елжіретер жақсы істің куәсі болып тұрмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының негізінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолжетімді тұрғын үй құрылысы, пәтер беру мәселесі елімізде жыл санап шешімін тауып келеді. Осыдан бұрын өздеріңіз секілді баспанаға мұқтаж азаматтарға Талдықорған қаласынан 60 пәтер берілген болатын. Сіздерге де міне 100 пәтер берілуде. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңізде тек қана жақсылық, шаттық орнасын! Бұл бастама сіздердің болашаққа деген сенімдеріңізді нығайтып, үміт отын сөндірмесін!
Облыс әкімінің қолынан алғашқылардың бірі болып пәтер кілтін алған Александр Чернявский:
— Бірінші кезекте баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Көрсетіліп жатқан қолдау мен көмектеріңіз үшін Елбасына, облыс әкіміне шын жүректен шексіз алғысымды білдіремін. Енді менің жеке баспанам бар.

df8176a907a7111d7095a6a1851f6d92Пәтер кілтін табыстау рәсімінен кейін, жаңа үйге кіру алдындағы дәстүр бойынша шашу шашылып, облыс әкімі А. Баталов бірнеше пәтерді аралап, пәтер иелерімен әңгімелесіп, оларға бақыт пен молшылық тіледі.
Айта кетер болсақ, 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан балаларға тек 66 пәтер бөлінсе, бүгінгісін қоспағанның өзінде 2015 жылдың 10 айында Текелі қаласында — 26, Қапшағай қаласында — 21, Ақсу ауданында — 9, Көксу ауданында – 4 және Талдықорған қаласында 60 жалпы саны 120 жетім бала қоныс тойын тойлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here