Домой Жаңалықтар Қоғам Кәсібі бардың нәсібі бар

Кәсібі бардың нәсібі бар

Кәсібі бардың нәсібі бар

a0e73696294739f2707b03897c66bc0aБүгін Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың төрағалық етуімен әкімдіктің мәжілісі өтті. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде Алматы облысында 261 жобаны жүзеге асыруға 17 млрд. 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 5 мың 165 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 2 мың 632 (51%) жұмыссыз азамат, жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.

Екінші бағыт бойынша 2011-2015 жылдары Алматы облысына 5 млрд. 262 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 5 млрд. 214 млн. теңге шағын несиелеуге, 47 млн. 800 мың теңге кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталды. Осы жылдары шағын несиемен 2 мың 498 адам қамтылып, өз ісін ашып кеңейтті, оның ішінде 687 адам 18 несиелік серіктестіктер арқылы несие алды. Шағын несиенің негізгі бөлігі (83,5%) ауыл шаруашылығына бағытталса, қалған бөлігі қызмет көрсету (9,6%) және өнеркәсіп саласына, яғни құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, киім, көрпе тігу цехтарын ашуға (6,9%) берілді. Ал, ағымдағы жылы шағын несие беруге 1 млрд. 313 млн.теңге қарастырылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 13 есеге артық (100 млн.теңге) болды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 609 адамға 1 млрд. 342 млн.теңге несие берілді, оның 188 млн. 700 мың теңгесі қайтарылған сома есебінен болды, — деді М.Бигелдиев.

Әкімдік мәжілісін қорытындылаған облыс әкімі А.Баталов аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуді және жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруды және күн тәртібінде қаралған өзге де сұрақтарға қатысты жұмыстарды үнемі назарда ұстап, аталған бағыттағы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ мәжілістің күн тәртібінде тағы екі сұрақ қаралды. Жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы салаларындағы заңнамалық талаптар мен нормалардың сақталуы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілердің негізгі бағыттарын түсіндіру туралы да сөз болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here