Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында 2015 жылдың түрлі саладағы жас көшбасшылары (үздіктері) анықталды.
Атап айтқанда:
1. «Жас батыр» номинациясы бойынша — Найзабеков Берік;
2. «Ауыл шаруашылығының жас маманы» номинациясы бойынша — Досымбеков Елнұр;
3. «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша — Молбаев Бақытжан;
4. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясы бойынша — Алимов Нұрлан;
5. «Үздік жас әскери қызметкер» номинациясы бойынша — Мақсұтов Ғабиден;
6. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша — Жебегенов Ерұлан;
7. «Үздік жас маман» номинациясы бойынша — Алимбаев Арнай;
8. «Үздік жас спортшы» номинациясы бойынша — Сон Игорь;
9. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша — Бекежанов Дәурен;
10. «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша — Серікқожанова Мөлдір;
11. «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша — Нугурбекова Раушан;
12. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша — Өмірзақова Гүлмира;
13. «Үздік жас саясаткер» номинациясы бойынша — Тумабаева Мадина;
14. «Үздік студент» номинациясы бойынша — Спандиярова Салтанат;
15. «Үздік «Жасыл ел» сарбазы» номинациясы бойынша — Күнесбекова Ләззат;
16. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясы бойынша — Тұралыұлы Әділ;
17. «Үздік ерікті» номинациясы бойынша — Самиев Мирас.
Жоғарыда аталған жас та болса өз саласының білікті де білімді, батыл да алғыр азаматтары Алматы облысы әкімінің қолынан арнайы дипломмен, «Көшбасшы — 2015» мүсіншесімен және 200 000 теңгенің ақшалай сыйлығын алды.
Шара барысында сөз алған облыс әкімі өңір жастарына бүгінде көптеген жағдайлардың жасалып жатқандығын, соның ішінде сәулет құрылысы қайталанбас Салтанат сарайы, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қаратал өзенінің бойында «Жастар аллеясы», «Жастар» саябағының бой көтеріп келе жатқандығын атап өтті. Мұның барлығы Елбасының тікелей қолдауының арқасында іске асуда. Мемлекет басшысының әрдайым жастардың еңбеккер, мақсаты айқын, білімді де алғыр ұрпақ болғанын қалайтындығын және болашақтың тұтқасы осындай лайықты өскелең ұрпақтың қолына табысталатындығына сенім білдіретіндігін үнемі айтуда, — деп сөзін қорытты.
Аталмыш шараға жас эстрада әншілері мен еліміздің абыройын Ресей біріншілігінде қорғап жүрген «Спарта» көңілді тапқырлар клубы және «Funky town» би студиясының бишілері өз өнерлерімен шараның шырайын кіргізді.