Алакөл көлінің жағалауында демалыс аймақтарына 93,8 км электр желісі тартылған. Балқаш өзеніне апаратын жолдың 141 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Астанада өткен брифинг барысында хабарлады.
Осы жағалауларда ірі инвесторлар екі бес жұлдызды қонақ үй құрылысын бастады. «Алматы-Достық» темір жол бағыты жандандырылды. Алдағы уақытта Алматы – Үшарал әуе қатынасын ашу жоспарланған.
Осы жұмыстардың нәтижесінде тек биылғы жылдың өзінде Алакөл және Балқаш көлдерінің жаңалауында демалушылар саны 1,4 есеге артып, 138 мың адамды құрады.