Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 609 адамға жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгенің шағын несиесі берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде белгілі болды.
«Даму» қорына жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, ол өз есебінен 30 жобаны жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктердің 1 млрд. теңгеден астам жеке қаражатын тартуына ықпал етті.
Барлығы қор арқылы 360 компания қаржылық қолдау тауып, олар 100 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуға жағдай тудырды.
Нәтижесінде, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3,5 % өсіп, 162,1 мың бірлікті құрады және 328 мың адам жұмыспен қамтылды.