Индустриаландыру Картасы бойынша индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысында құны 290,1 млрд. теңгенің 53 жобасы жүзеге асырылды.
Соның арқасында 7636 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
Аталған кәсіпорындар 125, 4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Ол өз есебінен жалпы өндіріс көлемінің үлесін 7,6% жеткізді.