Домой Жаңалықтар Қоғам Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

89f95f88aa0fcbede030fb51e799ba13«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында Жаркент қаласындағы крахмал-сірне зауыты модернизациялаудан өтті. Нәтижесінде зауыттың өндіріс қуаттылығы жылына 10 мыңнан 54 мыңға дейін артты. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Алматы облысы әкімінің айтуынша, мемлекеттік – жеке меншік серіктестік негізінде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен ауданы 8,3 га аумаққа қосымша екі дән кептіру орны тұрғызылған. Нәтижесінде 400 шаруа қожалықтары жүгері өнімін кептіру және сақтау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен бірге жүгері дақылының егістік алқабы 72 мың гектарға артып, ондағы еңбек етуші шаруа қожалығы саны 3900 жетті, бұл өз тарапынан қосымша 11 мың ауыл тұрғынына жұмыс берді.
Алдағы уақытта соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған қосымша екі арнайы сервистік-әзірлік орталығын салу және 20 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here