Бүгінгі күні Алматы облысы аумағында 1973 гектар жерде апорт өсіріледі. Биылғы жылы 667 гектар жерге бақ отырғызылса, соның 202 гектары – апорт. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.
Мемлекет қолдауының нәтижесінде тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған ірі интенсивті бақтар пайда болды. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы «АмалБио» ЖШС («ФрешФуд») 45 гектар жерге 30 түрлі сортты 127 мың ағаш отырғызды, Ұйғыр ауданындағы «AlmaProdex» ЖШС 20 га, Сарқан ауданындағы «Сарқан Агро» ЖШС 100 га аумаққа апорт екті.
2020 жылға қарай облыста бақтардың көлемін 20 мың гектарға, ондағы апорттың үлесін 3100 гектарға жеткізу көзделіп отыр.