Алматы облысында жалпы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде белгілі болды.
Соның ішінде, 22 мың шаршы метр — «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша, 14,8 мың шаршы метр — жас отбасылар мен пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арнап салынған жалдамалы тұрғын үйлер, 170,6 мың шаршы метрі — «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы салынған коммуналдық тұрғын үйлер.