Қалибек Қуанышбаев атындағы театр Мәскеуде «Золотой Витязь» XIII халықаралық театр форумының Гран-приін жеңіп алды.
Ресей астанасында өткен кеште талғампаз көрермен назарына астаналық өнер ордасы «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасын ұсынған болатын. Осы додада сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, актер Әбілмансұр Серіков және актриса Ақмарал Танабаева «Золотой Витязьдің» дипломанттары атанды.