Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылдыАлматы облысының Қарасай ауданында көкөніс пен жеміс-жидек сақтап тарататын жаңа қойма ашылды деп хабарлайды jas.kz порталы.

Бұл жобаға Қытай кәсіпкерлері 3,5 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция салған. Ал біздің елдің үлесі 1,2 млн АҚШ долларына пара-пар. Енді жергілікті шаруалар жаңа технологиямен жабдықталған қойманы жалға ала алады.

Қытайдың Ганьсу провинсиясынан келген инвесторлардың көкөніс сақтайтын қойманы Қарасай ауданында салуы тегін емес. Өйткені нысан Алматыға жақын орналасқан. Сондықтан шекара асып келетін көкөніс пен жеміс-жидектің сапасын сақтап, сауда нүктелеріне жөнелтуге қолайлы. «Бұл – екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамытуда жасалған игі қадам», — дейді Қытай тарапы.

Қоймада жылына 24 мың тоннаға дейін көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады. Заманауи тоңазытшықтары бар. Жергілікті 40 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қытай тарапы бұл қоймаға өздерінің 1 млн АҚШ доллары көлемінде тауарларын сақтауды жоспарлайды. Ал оның бағасы жергілікті нарық арқылы реттелмек.

Әрине Алматы маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыру ісінде осындай бастамалар құптарлық. Тауар сақтайтын қоймалар көп болса, жергілікті шаруаларға да тиімді. Бірақ әзірге ол келісімшарт негізінде ақылы болмақ. Ганьсулық инвесторлар зейнеткерлер мен әлеуметтік қолдауға зәру тұрғындар үшін тауарды арзан бағамен сататын дүкендер ашу жоспарлары бар екенін айтты.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here