Домой Жаңалықтар Әлем Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды

Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды

Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды

Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналдыЮань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды. Қытайдың ұлттық ақшасын негізгi халықаралық валюталардың қоржынына қосу туралы шешімді халықаралық валюта қоры жасаған.

SDR төлем жүйесіне қазір АҚШ доллары, еуро, фунт стерлинг және иена кіреді. Бұл жиынтықтағы юаньның үлесі әзірге 10 пайыз. Десе де, сарапшылар ішкі жалпы өнім табыстылығы бойынша бірінші орынға шыққан Қытай ақшасының валюталық қоржындағы үстемділігі бұдан да асып кетуі мүмкін деп болжап отыр.

Бұдан бұрын халықаралық валюта қоры юаньнің еркін конвертацияға түспейтіндігін алға тартып, бірнеше жылдан бері оны валюталық қоржынға қоспай келген. Алайда қытай валютасына деген сұраныс артып келеді. Былтырғы жылы сыртқы сауда-саттықтың 25 пайызы юаньмен жасалса, биыл бұл көрсеткiш 30 пайыз-ға жетедi деген болжам бар.

Қытайдың жеке саудасынан бөлек, юаньмен жасалатын транзакциялар да жыл сайын артып келеді. Жалпы халықаралық валюталар қоржынындағы доллардың үлесi – 42 пайыз болса, екiншi орындағы еуронiкi 37 пайыз. Юань қосылғаннан кейiн еуроның бұл көрсеткiшi 31 пайызға қысқарады. Ал иена мен фунт стерлингтердiң үлестерi сәйкесiнше 8 пайызға азаймақ.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here