Домой Жаңалықтар Білім Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемденді

Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемденді

Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемденді

Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемдендіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегерлер тізімін бекітті. Беделді стипендияға қол жеткізгендердің арасында ел шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері де бар.

2015 жылы конкурсқа 46 магистранттың құжаты келіп түсті. Конкурс комиссиясының ережелері мен шешіміне сәйкес олардың ішінен 10 үміткер іріктеп алынды. Олардың барлығы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, қоғамдық жұмысқа белсенді атсалысып жүрген оқу үздіктері.

Камила Әбдірашитова Қазақ ұлттық өнер университетінің «Театр, кино және ТВ» факультеті «Өнертану» кафедрасы магистратурасының екінші курс студенті. Оның жазып жатқан диссертациясының тақырыбы Қазақстан киноөндірісіндегі поэтикалық киноның орнына арналған. Жас ғалымны айтуына қарағанда, ол отандық киноны дамытуды өз алдына басты мақсат етіп қойған. «Президентімізді жас ғалымдарға көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Өз кезегімде мен ұлттық кинотануды дамытып, отандық киноны Қазақстан және шетелдік көрермендер арасында насихаттауға бар күшімді саламын. Қазақстан киносы ең жоғары әлемдік деңгейдің биігінен көру – менің басты арманым», — деп ойымен бөлісті ол.

Алдияр Байракимов Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті магистратурасының студенті, аталмыш академияның бакалавриатының түлегі. Жас режиссер ҚазҰӨА-да оқудың алғашқы күндерінен-ақ шығармашылық қызметпен белсенді айналысуға бел буған. Жас дарынды актерлік және режиссерлік жұмыстан басқа продюсерлік те қызықтырады. 3-курс студенті болған кезде ол әріптестік негізде «Bairakimov&Kairzhanova Presents» продакшн-компаниясын ашты. Алдияр, сонымен қатар, түрлі концерттер мен шаралар ұйымдастырып, қоғамдық өмірдің белсенді қатысушысы болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратурасының студенті Айдана Қаржасова иемденді. Айдана халық өнерін зерттеумен айналысып, оның диссертациясы Ғазиза Жұбанованың шығармашылығындағы ұлттық кодтар тақырыбына арналған. Жас ғалымның пікірінше, халық өнерінің құндылығы оның бұқаралығында, яғни оның халық тәжірибесінен өтуде жатыр.

«Еліміздегі бұқаралық мәдениет әрдайым позитивті және оған өзіндік ұлттық рух тән болу қажет. Мен Елбасы стипендиясының иегері атанғандығыма өте қуаныштымын, өйткені оның басшылығымен бізге, жастар буынына, Отанымыздың болашағы үшін шығармашылықпен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ерен еңбек етуге барлық жағдай жасалған», — дейді Айдана.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here