2018 жылы ШҚО-да 180 мың автомобиль шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.
«Келесі жылдан бастап біз Еуразиялық одақ құрамындағы елдермен бұған дейін жұмыс істемеген нарықта жұмыс істеуіміз керек. Әсіресе, өнімдерімізді Арменияға, Монғолия, Кырғызстан, Грузия мемлекеттеріне шығаруымыз қажет. Елбасы бізге өнімдерімізді экспорттауды тапсырды. Мен осы мәселеде автомобильді шығару керек өнімнің бірі деп есептеймін. Ол Қазақстан экономикасының өркендеуінің ен маңызды компоненті. Шығыс Қазақстан облысы осы бағытта жұмысты бастап кетті. 2018 жылы 180 мың автомобиль шығаратын зауыт пайдалауға берілмек. Ол жол картасы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның құрылысы әлдеқашан басталды. Біз оны уақытында пайдалануға береміз», — деді Д.Ахметов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекет оның инфраструктурасына 6 млр теңге қаражат бөлді.