Домой Жаңалықтар Қоғам Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып берді

Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып берді

Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып берді

Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып бердіЖақсылық Үшкемпіров туған Алматы облысы Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылына жаңа балабақша мен жатақхана салып берді. Сонымен қатар, шара аясында  грек-рим күресінен республикалық турнирдің жалауы желбіреді деп хабарлайды jas.kz.

Осы игі шаралардың барлығын әйгілі спортшы, олимпиада және әлем чемпионы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында қосқан үлесі деп білуге болады.

Жоғарыда аталған екі ғимараттың және грек-рим күресінен ұйымдастырылған республикалық турнирдің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ермек Келемсейіт, Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, педагогика саласының ардагер еңбеккері Аягүл Миразова қатысты.

Жамбыл ауданында бүгінгі күні 14 мемлекеттік, 27 жеке меншік балабақша, 36 мектептке дейінгі шағын орталық балаларды білім нәрімен сусындап, тәрбиелеуде. Енді міне жеке меншік балабақшалар саны тағы бір балабақшамен толығып, 100 бүлдіршінді қарауына алды. Бұл балабақша Елбасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту тапсырмасын және «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолданысқа берілген нысан.

Балабақшаның өзі «Жақсылық» аталуы ырымшыл жандарға жақсылықтың жаршысы болмақ. Бұл заманауи үлгіде салынған екі қабатты ғимарат талаптарға сай, тәрбиеленушілердің қажеттілігін қанағаттандыруға керекті барлық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда бүлдіршіндер төрт топқа бөлініп, білім алатын болады. Бөбектердің дұрыс тәрбие алып, білімін жетілдіруі сапасын назарында ұстап, балабақша ұжымына басшылық ететін Жұлдыз Үшкемпірова болмақ. Осы жанға жаңа нысанның кілті салтанатты түрде табысталды.

Осы күні болған екінші бір жақсы жаңалық екі қабатты жатақхана ғимаратының қолданысқа берілуі. Онда елді-мекеннің 38 отбасы қоныстанбақ. Қоныс тойын тойлаушылардың атынан спортсмен әрі кәсіпкер Айжан Райханова есімді азаматша шын жүректен алғысын білдірді.

Дәл сол күні осы елді-мекенде орын тепкен спорт кешенінде 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өткізіліп, тартысты өткен доданың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here