Жуынып отырған қазақ жігітінің суреті жылдың ең үздік түсірілімдер тізіміне енді. Суретті “National Geographic” журналының сарапшылары іріктеген.
Фото Қызылорда облысының Ақбасты ауылында түсіріліпті. Фотограф Каролина Дрейкт арнайы орында бұлақтың ыстық суына шомылып отырған қазақ жігіті арқылы Аралдың проблемасын да көтерген.
Бір кездері теңіз жағасында болған ауыл қазір Аралдан 11 шақырым қашықтықта тұр.