Panasonic компаниясы бақшадан қызанақ теретін роботты көпшілікке ұсынды. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлайды.
Құрылғының жұмысындағы басты міндетті оның «көзі», яғни жемістерді танып, білетін шағын камерасы атқарады. Мұнан өзге, роботтың сенсоры қызанақтың пісіп-жетілгендігін немесе әлі шикі екендігін дәл анықтайды. Робот піскен қызанақты жазбай таниды екен.
Panasonic жаңа роботы 20 секундта бір жемісті тереді. Бірақ, өнертапқыштар бұл көрсеткішті 6 секундке дейін азайтуды жоспарлауда. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғыны ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануға болады.