2015 жылдың қыркүйегінен бастап желтоқсан айы аралығында Ішкі істер министрлігі облыс әкімдерінің жоғары, орта оқу орындарының «Жас Отан» жастар қанаты басшылығының белсенді қолдауымен әрбір облыста есірткіге қарсылық ретінде «Өз өміріңді көркемде!» ұранымен ірі ауқымды акциялар өткізді.
Астана қаласында 10 желтоқсанда Қазақ мемлекеттік заң университетінде бір уақытта бүкіл республика бойынша ұйымдастырылған акцияның қорытынды сатысы өтті.
Іс-шараға еліміздің танымал эстрада мен спорт жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Бауыржан Исаев, Ерлан Көкеев, Дәурен Серғазин Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев болды.
Салауатты өмір салтын жүргізуді тілеп, шақырылған қонақтар сөз сөйледі.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Акцияның басты ерекшелігі – есіртікінің қаншалықты қауіпті, өмірге қажет еместігін лекция, ұзақ соңар әңгімемен емес, қарапайым тілде түсіндіре отырып, тұлғалардың өз ұстанымдары туралы ой бөлісе отырып, өтуі болды.