Қазақстан жастар құрамасы «Тараз» командасының жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлейге ресейлік клубтар қызығушылық танытуда.
Басылымның жазуынша, Сүлейге Ресейдің Премьер-лигасында өнер көрсететін екі команда және жоғары топқа шығуға үмітті бірінші лигадағы екі команда қызығушылық танытып отыр екен.
Айта кетейік, 20 жастағы футболшы Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Бір кездері Киевтің «Динамо» клубының академиясында жаттыққан. Фуболдағы кәсіби карьерасын Қостанайдың «Тобыл» командасында бастаған. Ал биыл маусымды «Ертісте» бастап, «Таразда» аяқтады. Ел біріншілігінде 57 матч өткізіп, 3 гол соққан. Жастар құрамасының мүшесі.