Елімізде экспорттаушылар мен инвесторларды қолдайтын халықаралық үйлестіру комитеті құрылды. Бұл ұйым шетелге өнім жөнелтетін отандық кәсіпорындар мүддесін қорғаумен де айналысады.
Бүгін Астанада өткен үйлестіру комитетінің алғашқы отырысында алдағы бағыт-бағдарлар айқындалды. Сарапшылар көбіне Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай, Үндістан, Орталық Азия және Еуропа сынды алып нарықтарға айрықша қызығушылық танытып отыр. Айта кеткен жөн, еліміз бен Кәрі құрлық арасындағы сауда-саттық саласын дамытуға еуропалық экономикалық сенат жауапты. Оның үстіне ұйым құрамында қазақстандық өкілдер жұмыс істейді. Бүгінде үйлестіру комитеті бәсекеге қабілетті отандық кәсіпорындар қатарын нақтылап жатыр.