Домой Жаңалықтар Қоғам «Блогиада – 2015» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Блогиада – 2015» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Блогиада – 2015» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Елордамызда«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ұйымдастырған қазақ блогерлері арасында шілде айынан бері жалғасып келе жатқан «Блогиада-2015» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

12404101_652857258150211_1858316024_n

Аталған іс-шара «Сапалы контентке – Миллион!» ұраны аясында өткізілді.

Жарысқа ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 12 блогер қатысты. Блогиада  барысында 5 ай ішінде Қазақ Хандығы, Спорт, Девальвация, Әлеуметтік медиа, Ақпараттық қауіпсіздік, Конвергентті журналистика, Инновация және де басқа тақырыптарда 98 пост жазылды.

12414043_652857331483537_2073607039_o

Жиынға қатысқан аталған блогиаданың авторы, танымал әрі беделді блогер Аршат Оразовтың айтуынша, мұндай байқаулар қазақша контентті байытуға, жазу мәдениетін дамытуға ерекше серпін береді.

Бес айлық марафонның нәтижесінде:

 1-ші орынды блогерлік қырымен де танымал ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов иеленді.

12404807_652857334816870_1377555378_o

2-орын танымал блогер Мерей Ермұхановтың қанжығасында.

3-орынды Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Абибулла бөлісті.

12400271_652857324816871_181214624_o

Бас жүлде иесіне 1000000 теңге, 2-орынға 500000, 3-орындарға (екі 3-орын) 250000 теңгеден сыйақы табысталды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсі Берік Уәли мұндай конкурстардың әлі де жалғасын табатынын айтты.

12400147_652857321483538_1218255770_o

Айта кетейік, блогиада – қаза блогерлерінің жазба жарысы. Байқау ережесіне сәйкес, әр апта сайын белгіленген тақырыптар бойынша блогерлер өз блогтарында жазба жазды. Ал, қазылар құрамында Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай, Асқар Базарбай сынды ардагер блогерлер болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here