Домой Жаңалықтар Қоғам Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтедіЕртең, желтоқсан айының 23-жұлдызында «Қазақстан» концерт залында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күніне орай «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді.

Аталмыш кешке Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, тағы басқа құрметті қонақтар қатысады. Кеш барысында ҚМДБ-ның атқарған біржылдық жұмыс нәтижесі жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ, «Өнер қырандары» тобының орындауындағы сахналық қойлымдар қойылып, діни әндер орындалып, Мәуліт жыры (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы) оқылады.

Мәуліт кешінде «Хикмет» телерадиостудиясы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауының жеңімпаздары (Бас жүлде – 1 000 000) марапатталатын болады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here