Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылды

Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылды

Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылды

Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылдыМемлекет басшысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында 100 орынға арналған коммерциялық жаңа балабақша ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ісіне кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Нүсіпов және К» ЖШС басшысы Қанатхан Нүсіпов үлес қосты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл айтулы шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Ермек Келемсейіт пен Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев қатысып, балабақша ұжымына плазмалы теледидар сыйға тартты.

Балабақшаның екі қабатты ғимаратының жалпы алаңы 600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жатын бөлме, ойын бөлмелері, мәжіліс және спорт залдары, денсаулық бөлмесі, заманауи құралдармен жабдықталған асхана бар. Ғимарат әзірге жеке жылытылады, дегенмен 2016 жылдан бастап орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жоспарланып отыр.  Балабақша аумағын абаттандыруға да көп көңіл бөлінген. Ойын алаңдары, өрнекті қоршау, әдемі жарық шамдары, бейнебақылау камералары, тротуар плиталары, жасыл желек, 20-дан астам шырша аулаға ерекше ажар беріп тұр.

Қ. Нүсіповтің айтуынша, заманауи, екі қабатты, кірпіштен қаланған балабақша өз жеке қаражатына тұрғызылған, яғни 70 млн. теңге инвестиция тартылған.

Балабақшада балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән берілген. Мұндағы тәрбиешілер балаларды ерекше бағдарламамен оқытады, мемлекеттің үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдете үйретуде.

Жаңа балабақша Алакөл ауданында соңғы үш аптада ашылған екінші және жұмыс істеп тұрған 15-ші балабақша. Аталмыш ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90 процентке жеткен. Жаңа балабақшаның ашылуына байланысты 30 жаңа жұмыс орны құрылғанын да айта кету керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here