Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының тұрғындары үшін жаңа аялдамалар салынды. Бұл жобаға Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен «Эфес-Қазақстан» ЖК АҚ бастамашы болды.
Зауыт директоры Сабыржан Белгібаевтың айтуынша, биылғы жылы осы жоба арқылы ауданның көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын қолдау көзделген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі қызметін зауыт алдағы уақытта да жалғастырмақ.
Бұл жоба шағын елді мекендерді көріктендіру, тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.