Домой Жаңалықтар Қоғам «Ақ Дастарханда» аспаздар бақ сынасты

«Ақ Дастарханда» аспаздар бақ сынасты

«Ақ Дастарханда» аспаздар бақ сынасты

Талдықорған қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Ақ Дастархан» аспаздар байқауы өтті. Бұл жолы байқауға аудандық, қалалық іріктеу турларында жеңімпаз болған 23 аспаз бен кулинарлар қатысты.

????????????????????????????????????

Байқау барысында 500-ден астам түрлі тағамдар мен кондитерлік бұйымдар қазылардың сараптауына ұсынылды. Бағалау барысында тағамның сапасымен қатар оны ұсыну және көркемдеу ерекшелігіне, денсаулыққа пайдалы тағамдарға басымдық беру жайына да назар аударылды.

Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстандағы аспаздық ісі бойынша әзірге жалғыз халықаралық сарапшы Серікхан Әділхановтың айтуынша, «Ақ Дастархан» — тек аспаздық байқауы ғана емес, мейрамханалық істің сапасы мен біліктілігін арттыру алаңы да. Оның түпкі негізінде «саламатты тамақтану» ұстанымы жатыр.

Бірнеше номинация бойынша өткен конкурстың жалпы қорытындысында «Қоғамдық тамақтану саласының жыл үздігі» атағы және Гран-При жүлдесі Қарасай ауданының Қаскелең қаласынан келген «Rhama Park» мейрамханасының ұжымына берілді.

Қазылар алқасы қатысушылар арасынан «Жылдың үздік аспазы» номинациясы бойынша Талдықорған қаласындағы «Кишлак» мейрамханасын, «Жылдың үздік кондитері» аталымында Қаскелең қаласындағы «Ас-Мар» кондитерлік кешенін, «Жылдың үздік даяшысы» аталымында Қарасай ауданындағы «Rhama Park» мейрамханасының кондитері Татьяна Бобровскаяны жеңімпаз деп таныды.

55815c27b81f425e3eca3735cbefb30d

Сонымен қатар осы байқауда Талдықорған қаласының «Серебрянный водопад» кондитерлік цехы, Үштөбе қаласындағы «ЛАД» кондитерлік кешені, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының аспаздық-кондитерлік цехтары, Сондай-ақ Жамбыл, Алакөл ауданының аспаздары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар ақшалай және естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here