Домой Жаңалықтар Білім Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпек

Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпек

Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпек

Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпекҰлттық кітапханада отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесінің тұсаукесері өтті. 3 жыл бойы әзірленген бұл бағдарлама 723 кітапхананы бірыңғай компьютерлік желіге біріктіреді.

Веб-рабис бағдарламасы кітапхана ісін автоматтындырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырманның уақытын тиімді жұмсауға септігін тигізеді. Веб-рабистің мүмкіндіктері кең, оқырмандарға жер шарының кез келген нүктесінен аудио мен бейне қосымшаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Еркін Сапарғалиев, ҚР Ұлттық кітапханасы автоматизация бөлімінің маманы:

— Ғаламтордағы қосымшалардың басым бөлігі заманауи үлгіде жасалады. Мұндай жүйе Орта Азияда жоқ. Тіпті Ресейде оқырмандарға ыңғайлы, тиімді жүйе жасақталмаған. Кітапхана ісіне қажетті барлық қосымшалар мен жаңашылдықты қолдандық. Бұл кітапхана ісін жеңілдетеді.

Осы уақыт ішінде Ұлттық кітапханада 3 миллионнан астам биографиялық мәліметтер қоры жинақталған. Бұдан өзге, онда толық мәтіндегі ақпаратты 516 гбайтта сақтайтын контент құрылыпты. Айта кетейік, веб рабистің интерфейсі қарапайым әрі қолдануға өте ыңғайлы. Оған бес модуль кіреді. Атап айтқанда, «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».

almaty.tv

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here