Қой жылы отандық жұлдыздар үшін оңай болған жоқ. Алайда, түрлі дағдарыстарды бастан кешірген өнер иелері, жағымды жаңалықтарымен де бөлісіп үлгерді. Солардың бірі — олардың үйлену тойлары.
Арман Қоңыр және Аша Матай
2015 жылдың басты тойларының бірі, әрине Арман мен Ашаның тойы болды. Бұл жұп ұзақ уақыт бойы араларындағы қарым-қатынасты жасырып жүріп, той жақындағанда ғана жария етті. Қалыңдықтың ұзату тойы да, басты той да қыркүйек айында Алматыда өтті. Батыстан жұққан әдет бойынша бал айында, яғни тойдан кейін жас жұбайлар саяхатқа аттанды.
Асхат Садырбай және Айғаным
Махаббатын өзгелерден жасырып жүріп, отау құрған жұлдыздардың арасында танымал тележургізуші Асхат Садырбай да бар. Қалыңдықтың аты — Айғаным. Той Алматыда өтті. Тойға жиналған қонақтардың арасында өнер жұлдыздары да көп болды.
Ален Самыкенов және Ғалия Мұратова
«Асыл» тобының әншісі Ғалия Мұратова да жақында келін атанады. Cұлу арудың таңдаған өмірлі серігі актер, әнші Ален Самыкенов есімді жігіт. Бұйыртса, жақын арада Ғалия ана атанбақшы.
Олжас және Динара Қырықбаева
2015 жылы мамырдың 24-і күні жас әнші Динара Қырықбаеваның ұзату тойы болып өтті. Ерке қыздың жары туралы мәлімет жоқтың қасы. Тек есімі Олжас екені, және оның өнерге қатысы жоқ екені белгілі.
Алишер Нұржанов және Айдана Меденова
«КешYou» тобының экс-орындаушысы Айдана Меденова «Индиго» және FM топтарының продюсері Алишер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Тойға киген көйлекті Айдана өзі тіккені көрінеді. Айтпақшы, тұрмыс құрғаннан кейін Айдана кәсібін өзгертіп, өзін дизайнер ретінде сынағысы келеді.
Еркін Нұржанов және Динара
Қазақстан эстрадасының өнерпазы Еркін Нұржанов та биыл екінші рет шаңырақ көтергендердің тізімін толтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Еркіннің бұл жолғы таңдауы — Динара есімді тараздық ару. Той Шымкент қаласында өтті.
Дастен Шәкіров және Ботагөз Исағұлова
«Рэкитер-2» фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров те осы жылы отбасын құрды. Дастеннің таңдауы Ботагөз есімді қызға түсті. Қалыңдықтың айтуынша, ол Дастенді алғаш рет кинодан көріп, «қандай сүйкімді жігіт» деп ойлап қалған. Алайда, дәл сол жігіттің жарына айналады деп ойлаған емес.
Бауыржан Сатов және Мөлдір Жұмакеева
2015 жылдың шілде айында Алматыда актер және тележүргізуші Бауыржан Сатов пен Мөлдір есімді арудың үйлену тойы өтті. Күйеу жолдас болған Бауыржанның жан досы — Тәуекел Мүслім. Тойға шақырылған қонақтардың арасында өнер иелері көп болды.
Дидар Каден және Айым Алтынбекова
Қараша айында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы, жас әнші әрі актер Дидар Каденның тойы да біраз инстаграм әлеуметтік желісін шулатты. Дидардың сүйген сұлуы бюти блогер Айым Алтынбекова.
Нұрболат Абдуллин және Гүлфарида
Жас әнші Нұрболат Абдуллин биыл шаңырақ көтергендердің қатарында. Жарының есімі Гүлфарида. Той Ақтөбе қаласында өтті.