Домой Жаңалықтар Қоғам ҚИК арқылы пәтер алу: шарттары, құжаттар және қатысушыларға қойылатын талаптар

ҚИК арқылы пәтер алу: шарттары, құжаттар және қатысушыларға қойылатын талаптар

2
ҚИК арқылы пәтер алу: шарттары, құжаттар және қатысушыларға қойылатын талаптар

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы операторларының бірі болып саналатын «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамына «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының аясында әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі тапсырма жүктелді. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін бастапқы жарнасыз жылдық 1-2%-бен тұрғын үйлерді жалға беруді іске асыра бастады.

Кезекте тұрғандарға басымдық беріледі

Компанияда бізге, жеңілдік жағдайында жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу кезінде көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне басымдық берілетіндігін түсіндірді.

Бұл ретте тұрғын үйдің 50%-ы үш жылдан кем болмайтын уақыттан бері некеде тұрған және балалары (сәбилері) бар, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, жас отбасылардың арасында (жастары 35 жасқа толмаған жұбайлардың) бөлінеді.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында» жергілікті атқару органдарында кезекке тұрғандардың арасында некеде тұрған, әрі қос жұбайдың жастары 35 жастан аспаған (Бағдарламаға қатысуға арыз берген уақытта) тұлғалар басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, баланы (сәбиді) жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі, соның ішінде жесір, ажырасқан адам тәрбиелеп отырған, толық емес отбасы да басымдыққа ие» — деп түсіндіреді ҚР ұлттық экономика Министрлігінде.

Қалған кезекте тұрған үміткерлердің арасында тұрғын жайды бөлудің пайыздық арақатысы әлі де анықталатын болады.

ТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар  >>>

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қазақстандық ипотекалық компанияның ақпараты бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, келесі санаттарға жататын, тұлғалар қатыса алады:

  • көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін жанұялар;
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

Осы бағытта қатысушыларды қалыптастыру топтар және келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

I топ:

1 топтама — қос жұбайдың жастары 35-ке толмаған (Бағдарламаға қатысуға арыз берген уақытта), балалары (сәбилері) бар, 3 жылдан кем емес уақыттан бері некеде тұрған аталған санаттағы ЖАО-на кезекке тұрғандар, сонымен қатар баланы (сәбиді) жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі, соның ішінде жесір, ажырасқан адам тәрбиелеп отырған, толық емес отбасы;

Бұл ретте тұрғын үйдің 50%-ы үш жылдан кем болмайтын уақыттан бері некеде тұрған және балалары (сәбилері) бар, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, жас отбасылардың арасында (жастары 35 жасқа толмаған жұбайлардың) бөлінеді. 

2 топтама — 1 топтамаға кірмейтін, аталған санаттағы ЖАО-на кезекке тұрғандар.

«Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына мемлекеттік мекемелерді және қазыналық кәсіпорындарды шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік мекемеге қайта ұйымдастыру кезінде аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, тұлғалар теңестіріледі.

IV топ:

  • «КИК» ИҰ» АҚ-мен келісім/меморандум жасасқан, мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;
  • өзінің қызметкерлері үшін соның ішінде кадрлардың кетуін барынша азайту және «КИК» ИҰ» АҚ-мен келісім/меморандум жасасқан ауылдық елді мекендерге және моноқалаларға көшуін ынталандыру мақсатында құрылыс салуды және/немесе тұрғын үйге ие болуды ұйымдастыратын, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері. Бұл ретте аталған заңды тұлғалар мемлекеттік-жеке серіктестік қағидасында құрылыс салуға және/немесе тұрғын үйді иеленуге құқылы.

«Самұрық-Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады? >>>

I топқа ұсынылатын, негізгі талаптар:

  1. тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюды және Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың мәртебесін растау;
  2. тұрғын үйді бөлу шарттары бойынша тиісті табыстарымен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына шаққанда 15-тен кем және 18-ден артық болмайтын шаршы метр мөлшердегі пайдалы алаңы бар тұрғын үйі, кем дегенде бір бөлмелі пәтері немесе жатақханада бөлмесі бар, бірақ тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, I топтағы тұлғаларға Бағдарламаға қатысуға рұқсат берілмейді.

IV топтағы Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын шарттар, тәртіптер және талаптар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен жан-жақты келісілген «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарымен және келісім/меморандумдармен анықталады.

Жылжымайтын мүлік қалай бөлінеді?

Тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін «ҚИК» АҚ берілген тұрғын үйлердің саны туралы қала әкімдіктерін хабардар етеді. «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан алынған, Бағдарламаның бағыттары, азаматтардың санаттары, тұрғын жайдың сипаттамасы, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні көрсетілген, тұрғын үйді бөлу шарттары туралы ақпаратты жергілікті атқару органдары өздерінің интернет-ресурстарында немесе БАҚ-да жариялайды.

Бұл ретте әкімдіктер тұрғын үйді бөлу шарттары туралы ақпаратты алған күннен бастап алты айдан кешіктірмей пулдардың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ берілген көлемге сәйкес кезекте тұрған тұрғын үй алуға үміткерлердің тізімін олардың төлем қабілеттілігін растау үшін «ҚИК» АҚ-на жолдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда әлеуетті жалдаушылар соңынан бағдарлама қатысушыларының түпкілікті тізімін бекітумен айналысатын, әкімдіктер үшін хабарлама алады. Осыдан кейін ҚИК жалдау және қоныстандыру шартын жасайды.

ҚИК желісі бойынша тұрғын үй бөлудің қадамдық үдерісі мынадай түрде болады:

  1. Құжаттарды қабылдау бағдарлама қатысушыларына іріктеу өткізетін және есеп жүргізетін, жергілікті атқару органдары арқылы іске асырылады.
  2. Әкімдіктер іріктеуден өткен бағдарлама қатысушыларының тізімін олардың төлем қабілеттілігін бағалау үшін ҚИК-на ұсынады және бағдарлама қатысушысына жалданатын тұрғын үйдің ауданын көрсете отырып жолдама береді.
  3. ҚИК бағдарлама қатысушылары ЖАО-ның жолдамасын және төлем қабілеттілігін растау үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде бағдарлама қатысушыларының төлем қабілеттілігіне бағалау жүргізеді.
  4. Бағдарлама қатысушылары жолдама алғаннан бастап 20 күнтізбелік күннен артық болмайтын мерзімде ҚИК-нан алынған төлем қабілеттілігіне жүргізілген бағалау туралы хабарламаны ЖАО-на ұсынады.
  5. ЖАО-ры кезектілікке сәйкес таңдалған пәтер типі бойынша бағдарлама қатысушысымен расталған, төлем қабілеттілігінің межесін ескере отырып, тұрғын үйді жалдаушылардың тізімін құрады және жалдау шарттарын жасау үшін ҚИК әлеуетті жалдаушыларының – бағдарлама қатысушыларының бекітілген тізімдерін жолдайды.
  6. ҚИК жалдаушылармен жалға беру (алу) шартын жасасады.

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020»: кім мемлекеттен пәтер алады? >>>

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беруге болады?

Жалданатын тұрғын үй алу үшін өтінішті екі түрлі тәсілмен беруге болады: электронды үкіметтің веб-порталы және қағаз тасымалдаушылар арқылы

Өтінішті электронды үкіметтің веб-порталы арқылы берген кезде мекен-жай анықтамасы, балалардың туу туралы куәліктері, неке қию куәлігі, қайтыс болғандығы туралы анықтама және тағы басқалары сияқты құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында бұрыннан бері болады және бағдарлама қатысушысының өтінішіне автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтінішті және құжаттарды қабылдау кезінде кезектің түзілмеуіне мүмкіндік береді және сондай-ақ құжаттар жинау қажеттілігі де туындамайды.

Құжаттар тізбесі

Өтінішті қағаз тасымалдаушы арқылы берген кезде келесі құжаттарды қоса ала бару қажет:

  1. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, құжат;
  2. неке қию (некенің бұзылуы) туралы, ерінің/әйелінің қайтыс болғандығы туралы, балаларының туу туралы куәлігі, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы жайлы мәлімдеме;
  3. өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында оларға меншік құқығында тиесілі немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  4. өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы мекенжай анықтамасы;
  5. өтініш берушінің («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 бабы, 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, адамдардың І санатындағы топтар үшін) жұмыс орнынан анықтама;
  6. отбасы мүшелерінде мүгедектіктің немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің бар екендігін растайтын, анықтама;
  7. бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірі көрсетілген тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрғаны жөніндегі мәлімет;
  8. өтініш берушінің табыс алатындығын растайтын, анықтама.

Толыққанды түсінік алу үшін Астана қ., Тұран к-сі., 18, 1004/1 кеңсесі мекенжайында орналасқан «ҚИК» АҚ-на хабарласуға болады.

Kn.kz ақпарат қызметі

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Салеметсиздерме? Алматыда адреси қай жерде? Қалай баруға болады? Өтінішті қалай жазам? Мен жалғыз басты анамын пәтер жалдап тұрамын
    Осы бағдарлама бойынша кезекке тұрсам

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here