«Оңайлықтар» «Оңай бала» атты акция жасады. Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеруге тырысқан бақылаушылар мен оңай аялдамаға тоқтаған әрбір қоғамдық көлікке кіріп, жолаушылар мен балаларды жаңа жылмен құттықтап, кәмпит таратты.
Бұл акция ескі жаңа жылға дейін, яғни 13 қаңтарға дейін жалғаспақ.
Жайна Түребекова, бақылаушы:
— Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында жолаушы балалардың көңілін көтеріп, кәмпит таратып жүрміз.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қоғамдық көліктермен қатынау тек «Оңай» картасымен жүргізіледі, кондукторға немесе жүргізушіге қолма-қол ақша төлемі тоқтатылады, ал жолақысын төлеуден жалтарған жолаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық көлікте есеп айырыспағандарға 4000 теңге көлемінде айыппұл салынады.