Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 21-ші жекпе-жегіне дайындалуда. Қарашада доминикандық Батистаны айқын ұтқан қазақ жігіті келесі кездесуін қаңтар айының 15-20-ы аралығында өткізуді жоспарлап отыр.
Қанат Ислам, WBA FedeCaribe чемпионы — Уақытты бос өткізбей мүмкін келер айда жоспарлар бар. Оны менің Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр. Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Ислам бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты. «Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр», – дейді Қанат Ислам. Себебі Ислам қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр. Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміз: «Жекпе-жекті Қазақстанда өткізсек», – дейді.
Қанат Ислам, WBA FedeCaribe чемпионы — Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар. Және Қытайда, Ресейде болды. Қазір сол жиналыстар болады.