Twitter ұшқыш-роботты твит арқылы басқаруға жол ашады. Әлеуметтік желінің өтініші бойынша тіркелген патент дрондарды пайдалануға өзгеріс енгізеді.
«Хабарламалар жазып-алмасуға мүмкіндік беретін ұшқышсыз басқарылатын аппарат» атты жаңа патентке сәйкес, осы дронға арнап, желіден аккаунт ашу арқылы аппаратты басқаруға болады, деп хабарлайды Popular Science.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда дронды бір уақытта бірнеше адамның пайдалануына да болады. Бірақ, бұл жағдай АҚШ Авиация басқармасының ережелеріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Себебі таяуда ұшқыш-роботтарды міндетті түрде тіркеуден өткізу туралы құжат қабылданған болаты.