«Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлеріне мереке қарсаңында тамаша тарту жасалды.
Газет кешенінің жанынан 5 қабатты жатақхана бой көтеріп, бүгін ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бір жылдың ішінде салынған жатақхананың жалпы ауданы мың шаршы метрден асады. Барлығы 15 секциядан тұратын кешен қажетті жабдықтар және жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. Ғасырға жуық тарихы бар басылым бүгінде 200 мың данамен шығады.
Еркін Қыдыр, «Егемен Қазақстан» АҚ президентінің орынбасары:
— Редакция қызметкерлерінің арасында баспанасы, тұрғын үйі жоқ қызметкер жоқ. Барлығы толық қамтамасыз етілді. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам басқан кезде ұжымның ғана көрсеткіші емес, біздің елдің, елдіктің, тіуелсіздіктің көрсеткіші деп айтар едік.