Домой Жаңалықтар Әлем Жанна д’Арк-тың сақинасы Лондондағы аукционға қойылды

Жанна д’Арк-тың сақинасы Лондондағы аукционға қойылды

Жанна д’Арк-тың сақинасы Лондондағы аукционға қойылды

Жанна д'Арк-тың сақинасы Лондондағы аукционға қойылдыИесі Жанна д’Арк болуы мүмкін сақина Лондондағы аукционда сатылмақ, деп хабарлайды The Daily Mail басылымы.

Зергерлік бұйым 15 ғасырда жасалған. 1431 жылы атақты Жанна д’Аркты ағылшындықтар өртер алдында оған ата-анасы осы сақинаны сыйлауы мүмкін. Ол кезде қыз 19 жаста болған. Өлім жазасынан кейін бұл король Генрих VII қолына түсті.

Аукцион 2016 жылы ақпан айының соңында өтеді деп көзделген. Оны  Timeline аукцион үйі өткізеді. Компанияның атқарушы директоры Бретт Хэммондтың айтуынша, бұл Жанна д’Арк-тың сақинасы екенін дәлелдейтін ақпарат жеткілікті.

Timeline  сайтындағы дерекке сәйкес лоттың бастапқы бағасы 8 100 фунт стерлинг. Бұл сақинадан 10 000-14 000 фунт стерлинг пайда табу көзделген. Алайда Хэммондтың пікірінше, оны қымбаттырақ та сатуға болады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here